Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңадан тағайындалған депутат адал қызмет етуге ант берді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
3 Ақпан 2022, 10:42
1982
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында жаңадан тағайындалған депутат  Бейбіт Исабаев ант берді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қаңтар айында Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалған болатын.

Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан тағайындалған депутат палата отырысында ант беруге тиіс. 

Өз кезегінде жаңадан тағайындалған сенатор ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген жауапты міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы