Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев еліміздің 3 курорттық аймағына салынатын әуежай жобасының құнын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент тапсырмасына сай 2025 жылы курорттық аймақтар Қатонқарағай, Зайсан, Кендірліде әуежай құрылысы басталады.
Үш әуежайдың ұшу-қону жолының өлшемдері – 2200х35 м². Жобалардың құны 117,7 млрд теңге болады. Қазіргі уақытта құрылыс маусымы басталуына қажетті барлық дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл әуежайларда ATR-72, Q-400 Bombardier сияқты сыйымдылығы 74 орынға дейінгі өңірлік ұшақтарды пайдалану жоспарлануда. Бұл әуе кемелері (3 ұшақ) Өнеркәсіпті дамыту қорының механизмдері арқылы сатып алынады. Басты міндет Алматы, Астана және басқа да ірі қалалардан осы әуежайларға тікелей, халыққа қолжетімді әуе қатынасын ұйымдастыру,-деді ол.
Еске салай кетейік, 2024 жылы елімізде 22 халықаралық бағыт бойынша 6 жаңа қалаға 12 рейс ашылғаны туралы жаздық.