Жаңадан құрылған үш облысты үш түрлі бағытта дамытса – Сырымбек Тау

16 Маусым 2022, 20:04
1775
Бөлісу:
Жаңадан құрылған үш облысты үш түрлі бағытта дамытса   – Сырымбек Тау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық құрылтайда кәсіпкер Сырымбек Тау моноқалалар мен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытса деген ойын ортаға салды.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық Құрылтай мүшелерінің алдында мен де өзімнің ұсынысымды айттым. Біріншіден, жаңадан құрылған үш облыс үш түрлі бағытта дамыса дедім. Мәселен, облыстың бірі денсаулық саласын мықтап қолға алса, екіншісінде білім саласы қарыштаса, ал үшіншісінде бизнес қанат жайса, игі болар еді, - деді ол.

Ол әр өңірдің мүмкіндігіне қарай осы жағдайларды тиімді пайдалануға болатынын айтты.

Бұдан бөлек осы облыстардағы аудан орталықтары мен кейбір ауылдарды үлгілік нұсқа ретінде салықтардан босатып, еркін экономикалық аймақ ашсақ. Сол үлгіге алынған моноқалалар мен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытып, Еуропадағыдай көркейген елді мекендерді ашуға болады. Батыстың тәжірибесіне сүйене отырып, жерінің асты бай, даласы кең Қазақстанда мұндай мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді. Құрылтай - мүмкіндіктер мен ұсыныс алаңы! Сөзіміз іске өтсін, - деп жазды Сырымбек Тау.

Өзгелердің жаңалығы