Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жанабыловтар ісі: ҚМА жаңа дерек айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
24 Қыркүйек 2025, 17:47
423
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ коллажы

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжілістегі брифингте блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты іс материалдары агенттікке әлі түспегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол атап өткендей, 15 қыркүйекте блогерлерге қатысты сот болып, қаулы шықты.

Жанабыловтарға келсек, 15 қыркүйекте судьяның қаулысы шықты. Ол 10 тәулік ішінде заңды күшіне енеді. Ведомствоға іс материалдары түскен жоқ, - деді Жеңіс Елемесов.

Материалдар агенттікке түскен соң, мамандар онымен танысады.

Егер қаулыда қылмыстық құқықбұзушылық белгілері туралы сөз болса, онда тиісті қылмыстық іс тіркеледі, – деді Жеңіс Елемесов.

ҚМА өкілі атағандай, тергеу аясында сәйкесінше құқықтық баға беріледі.

Еске салсақ, әкімшілік істен қылмысқа дейін ұласқан "Жанабыловтар ісі" қоғамға қалай әсер еткені жайлы арнайы шолуымызды мына жерден оқи аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы