Сот отырысында айыпталушы Ерболат Жанабылов өзіне Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі тарапынан қысым көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олар маған бәрі белгілі екенін, барлығы күтіп отырғанын, тіпті судьяның өзі де күтіп отырғанын және шешімнің әлдеқашан дайын екенін айтты. Мониторды көрсетіп, қандай да бір материалдарды - үлгілерді немесе жауаптарды жылдам көрсетіп өтті. Мен ондай нәрселерді түсінбеймін, бірақ маған қылмыс құрамы менің үстімнен жинақталып жатқанын айтты, - деді Жанабылов.
Оның айтуынша, осыдан кейін оған кінәсін мойындау ұсынылған.
Маған: “Ер азамат ретінде айтайын: осыны өз мойныңа ал. Жауап бер, мойында, сонда жұбайыңа тиіспейміз, 214-бап қолданылмайды” деп айтты. Ол кезде 218-бап әлі болмаған еді, - деді ол.
Жанабылов сондай-ақ адвокаттың қатысуымен болған әңгіме барысында айтылған сөздерді де келтірді.
Адвокат: “Адам қалай мойындайды, ол тек жарнамамен айналысқан, “Жаңа Бизнес” ЖШС-нің құрылтайшысы емес қой?” деді. Бұған: “Біз Эльмираға қатысты іс қозғамаймыз. Бізге осылай ыңғайлы” деп жауап берді, - деп мәлімдеді айыпталушы.
Ол мұндай әрекеттерді тергеуші тарапынан жасалған қысым және өзін кінәсін мойындауға итермелеу әрекеті ретінде бағалайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Жанабылов "Бізді қылмыскер етіп көрсетті" деп, алғашқы сотта сөйлеуге дайын болмағанын жазған едік.
Елордада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта блогер Ерболат Жанабылов жауап беруді бастады және Жанабылов өзіне қатысты мәлімдеме жасап, "компьютерді соңғы рет 9-сыныпта қолданғанын" айтты.
Бүгін белгілі болғандай, Жанабыловтар оқырмандарының біріне көлікті тегін бермек болған.
2026 жылғы 30 наурыздағы сот отырысында блогер Нұрбек Нұртаза (лақап аты – justking31) куәлік етті. Нұрбек Нұртазаға дейін сот залында блогер Дархан Жолшыбековтен де куәгер ретінде жауап алынған еді.
Сондай-ақ, сот процесінде Жанабыловтар ісінде күтпеген жаңа деталь шықты.
Сот отырысында Жанабыловтарды үйқамақта ұстау шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Прокурор Жанабыловтар лотереяны рұқсатсыз ұйымдастырғанын мәлімдеді.