Жанабылов өзіне тағылған айыпты жартылай мойындады

Сот отырысында айыпталушы Ерболат Жанабылов өзіне тағылған айыптардың бір бөлігін ішінара мойындады.

 ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова Бүгiн 2026, 17:36
Бүгiн 2026, 17:36
106
Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

Елордада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Сот отырысында айыпталушы Ерболат Жанабылов өзіне тағылған айыптардың бір бөлігін ішінара мойындады. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы – заңсыз кәсіпкерлік бойынша кінәсін мойындады.

Ал Қылмыстық кодекстің 218-бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша тағылған айыпты ол мойындамай, сот барысында оған қарсылық білдіріп отыр.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Жанабылов енді прокурордың сұрақтарына жауап беруді бастады.

Айта кетейік, елордада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта блогер Ерболат Жанабылов жауап беруді бастады және Жанабылов өзіне қатысты мәлімдеме жасап, "компьютерді соңғы рет 9-сыныпта қолданғанын" айтты.

Бұған дейін Жанабылов "Бізді қылмыскер етіп көрсетті" деп, алғашқы сотта сөйлеуге дайын болмағанын жазған едік. Сонымен қатар, Ерболат Жанабылов тергеуші қысым жасағанын мәлімдеді.

Бүгін белгілі болғандай, Жанабыловтар оқырмандарының біріне көлікті тегін бермек болған.

2026 жылғы 30 наурыздағы сот отырысында блогер Нұрбек Нұртаза (лақап аты – justking31) куәлік етті. Нұрбек Нұртазаға дейін сот залында блогер Дархан Жолшыбековтен де куәгер ретінде жауап алынған еді.

Сондай-ақ, сот процесінде Жанабыловтар ісінде күтпеген жаңа деталь шықты.

Сот отырысында Жанабыловтарды үйқамақта ұстау шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Прокурор Жанабыловтар лотереяны рұқсатсыз ұйымдастырғанын мәлімдеді. 

Наверх