Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық қызу жүріп жатыр. Еліміздің барлық тұрғындары мерекені қарсы алуға дайындалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мереке оқиғасыз өтуі үшін жаңа жылдық іс-шараларды дайындау және мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізілетін үй-жайларда терезелерде торлар болмауы тиіс, эвакуациялық жолдар бос болуы керек.
Шыршаны берік тірекке орнату керек, ол бөлмеден шығуға кедергі келтірмеуі тиіс. Шыршаны жанғыш ойыншықтармен безендірмеңіздер.
Үй-жайда отшашуларды, петардаларды және басқа да өрт қауіпті әсерлерді пайдалануға қатаң жол берілмейді.
Пиротехниканы ғимараттардан, автотұрақтардан 50 метрден жақын, электр беру желілерінің, шатырлар мен ағаштардың астында іске қосуға жол берілмейді. Кәмелетке толмағандарға пиротехниканы өз бетінше пайдалануына тыйым салынады. Сондай-ақ салюттерді қолдан, балкондар мен лоджиялардан ұшыру қауіпті.
Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды мамандандырылған павильондарда сатып алу қажет екендігіне назар аударамыз. Пиротехниканы, жарықтандыруды, электр гирляндаларын және әшекейлерді тиісті сертификаттың бар екеніне көз жеткізіп сатып алыңыз.
Мереке күндері оқиғасыз өтуі үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:
- белгісіз өндірістің электр гирляндалары мен пиротехникасын сатып алмаңыздар;
- қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, оны қатаң сақтаңыздар;
- пиротехниканы қатты желде іске қосуға болмайды;
- бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыларды қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;
- егер сіз үйден кетсеңіз немесе ұйықтауға жатсаңыз, гирляндтарды тоққа қосулы қалдырмаңыздар;
- балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат бермеңіздер;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.