Жаңа жылдан кейін асқорыту жүйесін қалай қалпына келтіреміз?

3 Қаңтар 2024, 13:10
540
Бөлісу:
Жаңа жылдан кейін асқорыту жүйесін қалай қалпына келтіреміз?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жаңажылдық басқосулар көбіне асқазан-ішек жолдарына кері әсер етпей қоймайды. Дәрігер-гастроэнтеролог Екатерина Кашух мұндай мәселені болдырмау үшін қандай азық-түліктерді тұтыну қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыстарға жиі бару, тамақты шамадан тыс жеу, әдетте тұтынбайтын азық-түліктермен тамақтану - бұның барлығы асқазанды ауырлатып, қыжылдатады, жүректі айнытады. Бұны болдырмас үшін асқазан жұмысын жақсартатын азық-түліктерді таңдаған дұрыс, - деді дәрігер Life-ке берген сұхбатында.

Еритін және ерімейтін тағам талшықтары бар азық-түліктер, сонымен қатар ішек микрофлорасын қалыпқа келтіретін пробиотиктер асқорыту жүйесін жақсартады. Кашухтың сөзінше, ең бірінші кезекте көкөністерді көп тұтынған жөн. Оларға май қоспай күнделікті жей беруге болады. Дәрігер атап өткендей, бұндай азық-түліктің калориясы аз болғанымен организмге тигізер пайдасы көп. 

Маман орамжапырақ, сәбіз, қызылшадан жасалатын салаттарды көбірек тұтынуға кеңес берді. Сөзінше, олардың құрамында клетчатка көп. Асқазан жұмысын жақсартатындардың қатарында тұздалған қияр мен орамжапырақ бар. Олар пробиотиктер мен клетчаткаға бай. Бұл азық-түліктерді үрмебұршақ, бұршақ және ноқаттан жасалған тағамдар алмастыра алады. Себебі бұршақ тұқымдастар да клетчатканың қайнар көзі саналады.

Гастроэнтеролог құрамында пайдалы пробиотиктері бар ашыған сүт өнімдері туралы айтып өтті. Кашух атап өткендей, йогурттарды алған кезде оның табиғилығына, қоспасыз болуына және қанттың аз қосылуына мән берген жөн.

Бұдан бөлек дәрігер ұйқы режимін сақтап, физикалық белсенділікті ұмытпаған дұрыс дейді.

Өзгелердің жаңалығы