Жаңа жылда - жарқын жолмен!

31 Желтоқсан 2020, 15:42
1670
Бөлісу:
Жаңа жылда - жарқын жолмен!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы елорда саябағында осындай ұранмен шаңғы марафонын өткізді. 

Шара салауатты өмір салтын насихаттау және жағымды қоғамдық көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Марафонға партия көшбасшысы Азат Перуашев пен мүшелері қатысып, салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын көрсетті. 

Жарысқа қатысқан жастар шараның ерекше рух пен жігерлілік беретінін атап өтті. 

Марафоннан кейін Азат Перуашев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.

Өткен жыл біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін қиын болды. Бірақ ол еліміздің мықты бірлігін екенін көрсетті, себебі біз пандемияның қиындықтарын бірге еңсердік. Барлық проблемалар ескі жылда қалсын. Ал жаңа жылда бірлігіміз, достығымыз және жанашырлығымыз арта түссін, - деді Азат Перуашев.
Өзгелердің жаңалығы