Жаңа жылда отшашудан 15 адам күйік алған - ІІМ

9 Қаңтар 2023, 12:13
952
Бөлісу:
Жаңа жылда отшашудан 15 адам күйік алған - ІІМ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

25 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін арнайы жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде 16 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехника алынды. Осы күндері полицейлер ТЖ қызметкерлерімен бірлесіп азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымы ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырды, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, пиротехника өнімдерін сату ережелерін бұзғандар жауапқа тартылған. 

Мәселен, пиротехникалық өнімдерді сату ережелерін бұзғаны үшін 829 адам, бөлінбеген жерлерде қолданғаны үшін 11, сақтау және тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 2 адам жауапқа тартылды. Жаңа жыл қарсаңында отшашумен жұмыс істеу кезінде күйік алудың 15 фактісі тіркелді, оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бар. Мысалы, елордада екі кәмелетке толмаған баласы бар ер адам отшашуды қолданған кезде ерні мен қолының термиялық күйіктерін алған. Ал пиротехниканы дұрыс қолданбау салдарынан пәтер балконының өртенуі орын алды, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министрлік лифтіде мысықты тепкілеген бұзақы туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы