Жаңа жыл түні елімізде 300-ден астам сәби дүниеге келді

1 Қаңтар 2022, 17:20
2441
Бөлісу:
Жаңа жыл түні елімізде 300-ден астам сәби дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қаңтар сағат 00.00 мен таңғы 08.00- дейін 300-ден астан нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша 305 нәресте дүниеге келді. Оның 142 қыз, 163 ұл бала. Олардың көпшілігі Түркістан қаласында дүниеге келген, - делінген хабарламада.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында жаңа жыл түні 16 нәресте дүние есігін ашты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, бір тәулікте орташа есеппен 80-90 бала дүниеге келеді деп күтілуде.

Жаңа жылдың бірінші күні қалалық көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарында алты қыз бен он ұл туды, - деп мәлімдеді басқармадағылар.

Былтыр дәл осы күні 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елімізде 363 сәби жарық дүние есігін ашқаны туралы ақпарат шықты. 363 сәбидің 185-і – ұл бала болса, 177-і – қыз бала.

Өзгелердің жаңалығы