Жаңа жыл қарсаңында шырша өртенді

1 Қаңтар 2022, 10:48
1893
Бөлісу:
Жаңа жыл қарсаңында шырша өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда жаңа жылдық шырша өртке оранды. Мереке қарсаңында орталыққа жиналған жұрт қызыл жалынды видеоға түсіріп алған.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына дереу жеткен.

2022 жылғы 1 қаңтарда сағат 00.06-да Тараз қаласында “Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің алаңында жасанды жаңа жылдық шырша өрті орын алды, 15 ш.м. алаңда өрт 00:15-те ауыздықталып, сағат 00:20-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп көрсетілген хабарламада.

Өрттің себебі әзірге анықталып жатыр. Сөндіру жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы