Жаңа жыл қарсаңында полицейлер жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

31 Желтоқсан 2022, 12:22
1052
Бөлісу:
Жаңа жыл қарсаңында полицейлер жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Мереке қарсаңындағы күндерде Астана полицейлері жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қыс мезгілінің басталуымен жеке көлікпен шығу кезінде ауа райының нашарлауы және қозғалыстағы шектеулер туралы хабарламаларды ескеру қажет. Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде қала жолдарында қызмет атқарады және жол қозғалысы ережелерін бұзушылармен күресуге бағытталған рейдтер жүргізеді. Патрульдік полицейлер мас жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударады. 

Жолдарда өте мұқият болуды, ауа райының әсерін, қар жауған кезінде жолдағы көрінудің төмендеуін, көктайғақ кезінде жол төсемінің ілінісу қасиеттерінің өзгеруін ескеруді ұсынамыз, – деп атап өтті полиция. 

Жыл басынан бері елордада 157 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 1240 жүргізуші ұсталды. 

Бұрын көлік басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйінде көлік жүргізген 59 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасына қатысушылар оқиға болған жерден полицияға хабарламай кетіп қалатын жағдайлар жиі кездеседі. 

Еске сала кетсек, жүргізуші өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе көлік құралдарын басқару құқығынан бір жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам дәл осындай әрекеттер жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу не 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы