Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында демалатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 және 2 қаңтар – Жаңа жыл. Жылдың алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сейсенбі, 3 қаңтарға ауыстырылады.
31 желтоқсан сенбі күніне сәйкес келіп тұр. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін отандастарымыз төрт күн – 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында демалады.
7 қаңтар – православтардың Рождество Христово мейрамы. Ол күн сенбі күні болғандықтан әрі Рождество мемлекеттік мерекелер құрамына енгізілмегендіктен, әдеттегі демалыс күніне сәйкес келген кезде заңда демалыс қарастырылмаған.