Жаңа жыл күні Маңғыстау облысында 19 сәби дүниеге келді

1 Қаңтар 2021, 18:38
2171
Бөлісу:
Жаңа жыл күні Маңғыстау облысында 19 сәби дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облысында 19 сәби дүниеге келді.

2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 01 қаңтарына қараған түні Маңғыстау облысы бойынша барлығы 19 бала дүниеге келді. Оның ішінде 13 қыз және 6 ұл.

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында 9 бала, 5 қыз және 4 ұл бала дүниеге келді.

Ақтау қалалық перинаталдық орталығында 4 бала, барлық қыздар дүниеге келді.

Қалған 6 сәби аудандарда дүниеге келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада 32 бала дүние есегін ашқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы