Жаңа жыл күні күн райы қандай болады

29 Желтоқсан 2023, 16:13
2285
Бөлісу:
Жаңа жыл күні күн райы қандай болады
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық сақталады. Атлантика аудандарынан тағы бір циклон жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары және бұрқасынмен желдің күшеюімен келеді.

Ауа температурасы: түнде солтүстікте 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, орталықта 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 3-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқуы, батыста басым температура 3 градус аяз-2 градус жылы, шығыста 0-10 градус аяз, оңтүстік-шығыста 2-10, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз-2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады.

Өзгелердің жаңалығы