Жаңа жолдарын іздеу керек – Әшімбаев халықтың табысын арттыруға қатысты ұсыныс айтты

5 Мамыр 2022, 11:04
1515
Бөлісу:
Жаңа жолдарын іздеу керек – Әшімбаев халықтың табысын арттыруға қатысты ұсыныс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа халықтың табысын арттыру формаларын жаңарту туралы ұсыныс айтты.

Сенат төрағасының айтуынша, Қытай, Бангладеш сияқты халқы көп елдердің нәтижелі бағдарламаларына назар аудару қажет.

Ералы Лұқпанұлы, жалпы халықтың табысын арттыру - ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырсыздар, оны білеміз. Арнайы бағдарлама қабылданып, оған бюджеттен 197 млрд теңге бөліп отырмыз. Бұл жерде біздің айтпағымыз, көп тәсілдерді бұған дейін де пайдаландық қой, уақытша жұмыс орындарын ашу, төлемақы төлеу, басқа да бір формалар бар. Бірақ «Жаңа Қазақстан» деп жатырмыз, жаңа механизмдерді, жаңа жолдарды іздеу орынды болар деп есептейміз, - деді Әшімбаев Сенатта.

Сенат спикері, Үкіметке халықаралық тәжірибені де жақсылап зерделеп, басқа мемлекеттердің үлгілерін пайдалану артық болмайтынын айтты. 

Мысалы, Қытайда кедейшілікпен күреске бағытталған үлкен бағдарлама бар. Нақты нәтижелері де бар. Бангладеш деген адам көп мемлекеттерде нәтижелі бағдарламалар жүзеге асырылған. 

Өзгелердің жаңалығы