Жаңа ЖЭО: Ұранхаев жұмыс барысы жөнінде айтты

4 Қараша 2024, 17:53
369
Бөлісу:
Жаңа ЖЭО: Ұранхаев жұмыс барысы жөнінде айтты
Фото: ОКҚ

ОКҚ-да өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы жаңа жылу электр орталығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Семей қаласының оң жағалауында 146,99 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Бұл мәселені шешу үшін Президенттің жаңа жылу электр орталығын салу туралы тапсырмасы бар. Әкімдік, "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы мен жобалаушыны қатыстыра отырып, жедел жұмыс тобын құрды. Құрылыс алаңы мен күл үйіндісін жинақтау орны анықталды. Қазір "Самұрық-Энерго" техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді аяқтап жатыр, - деді әкім.

Бюджеттен тыс қаржы есебінен барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен үшінші ЖЭО-ның сыртқы инфрақұрылымын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізіліп жатыр.

"Самұрық Энерго" акционерлік қоғамы қуаты 294 МВт "Семей ГЭС" құрылысының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін және қуаты 1050 МВт ұлғайта отырып, "Шүлбі ГЭС-ін" қайта құрудың екінші кезегін әзірлеу бойынша жұмысты аяқтағанын атап өткім келеді. Биыл жылу тапшылығын азайтып, Қарағайлыдағы әлеуметтік нысандарды уақытылы іске қосу үшін жеке инвестор есебінен қуаты 21,5 Гкал/сағ болатын блокты-модульді қазандық құрылысы аяқталады, - деді Ұранхаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұранхаев аудан әкімі сөгіс алғаны туралы айтты. Облыс басшысы әкімдер рейтингі туралы да айтты.

Өзгелердің жаңалығы