Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа үйлерде ақылды су есептегіштерін кім орнатуы қажет?

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 12:14
157
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда тұрғын үйлердегі суды есепке алу жүйесі біртіндеп цифрлық форматқа көшірілмек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Су кодексінде тұрғын үй қорын жаңғырту кезінде суды есепке алудың заманауи құралдарын енгізу нормасы арнайы қаралған.

Егер тұрғын үйде жаңарту жұмыстары жүргізілсе, ақылды есептеуіштерді қою қажет. Біз суды есептеуге қатысты барлық деректі Smart Turmys қосымшасына жинағымыз келеді. Ол үшін барлық есеп құралдарына бірыңғай талаптар қажет, – деді ол.

Ескі есептегіштерді қашан ауыстыру қажет?

Бұл сұраққа да нақты жауап берілді. Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, әрбір есептеу құралының пайдалану кезеңі бар. Белгіленген мерзімі өткен соң, оларды ақылды есептегіштерге ауыстыру талап етіледі.

Ескі есептеу құралдары шексіз қолданылмайды. Уақыты аяқталғаннан кейін ақылды есептегіштер орнатылуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Керімқұлов.

Ал жаңа үйлерде жауапкершілік кімде?

Қолданыстағы Құрылыс кодексіне сәйкес, жаңадан салынатын тұрғын үйлерде ақылды су есептегіштерін орнату тікелей құрылыс компаниясының міндеті болып саналады. Яғни, тұрғындар бұл үшін қосымша шығын көтермейді.

Өзгелердің жаңалығы