Жаңа үкімет ескі бастамаларды жалғастыратын болса, азық-түлік бағасы өсе береді

2 Ақпан 2022, 12:39
1253
Бөлісу:
Жаңа үкімет ескі бастамаларды жалғастыратын болса, азық-түлік бағасы өсе береді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін Қазақстан азық-түлік кәсіпорындары альянсы «Жаңа үкімет ескі бастамаларды жалғастыратын болса, азық-түлік бағасы өсе береді» деп дабыл қақты.
 

Альянс бүгін баспасөз жиынын өткізіп, азық-түлік өндірісі саласында қордаланған мәселелерді атап, қымбатшылықтың алдын алуды ұсынды.

Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары альянсы бұрынғы үкіметпен қабылданға кейбір ережелер мен бастамалар жоспарлы түрде енгізілетін болса, азық-түлік бағасы жақын арада тағы өседі деген болжам жасады.

ҚР Алкогольсіз сусын және шырын өндірушілер қауымдастығының жетекшісі Әлия Мамытбаева үкімет тарапынан тиімсіз әрі шығыны жоғары шаралар қабылдап жатыр деген ойда.

Қазір азық-түлік өндірісіне акциздік реттеу мен таңбалауды енгізу сияқты жүктеме қойлып отыр. Акциздік реттеу тек біздің ғана емес, бүкіл азық-түлік өндірісіне, тіптен мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына да кері әсер етіп отыр. ҚР Үкіметімен ел тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында 2021 жылдың қазанында қанттың мөлшерін азайту бойынша жаңа Қаулы шықты. Онда 2023 жылы азық өнімдеріндегі қанттың мөлшерін 20%-ға, 2024 жылы 35%, 2025 жылы 45%-ға төмендету керектігі айтылған. Бұл шара сондай-ақ өнімдерді таңбалаумен бірге іске асырылады, – дейді Мамытова. 

Оның айтуынша, бұл шара Денсаулық сақтау министрлігімен біржақты қаралып отыр. Акцизді енгізбес бұрын жан-жақты зерттеу жүргізу қажет екен.

Біз қазір қиын жағдайда тұрмыз. Денсаулық сақтау министрлігі адамдардың толуына қант өнімдері себепші екенін айтқанымен, ешқандай ғылыми дәлел келтіріп отырған жоқ. Штеледік сарапшылар семіздікпен күресу үшін кешенді жұмыс жүргізу қажеттігін айтып отыр. Құрамында қанты бар өнімге шектеу қойған ештеңені шешпейді, ол керісінше еліміздегі экономикалық күрделі кезеңді одан ары шиеленістіреді. Яғни азық өнімдерінің қымбаттауына әкеледі, – дейді ол.

Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева да қант өнімдеріне енгізгелі отырған акциз көптеген өндіріс орындарына кері әсерін тигізіп, тіптен олардың жабылуына әкеледі деген ойын айтты.

Біз алкольсіз өнім шығаратын болғандықтан негізінен қантты тұтынамыз. Егер қантқа акциз енгізсе көптеген кәсіпорын жабылады, оның арты қаншама адамның жұмыссыз қалуына әкеледі. Оған қоса ел бюджеті көптеген салықтан қағылғалы отыр. Қазіргідей күрделі экономикалық жағдайда мұндай бастаманы енгізбеген дұрыс, – дейді Наурызғалиева.
 

Өзгелердің жаңалығы