Жаңа тіркелген кәсіпорындар үшін қосымша құн салығы 70 пайызға азайтылады

22 Маусым 2021, 18:10
1097
Бөлісу:
Жаңа тіркелген кәсіпорындар үшін қосымша құн салығы 70 пайызға азайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика Вице-министрі Азамат Амрин айтты.

Оның айтуынша, пандемияның салдарын азайту және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жаңа салықтық өзгерістер енгізіліп, тиісті заң жобасын, оныншы маусымда Сенат қабылдады.

Сол өзгерістердің бірі кәсіпкерлік саласына қатысты. Қазақстанда тауарларды өндіруді ынталандыру мақсатында, жаңа тіркелген кәсіпорындар өз өнімін сатқанда, қосылған құн салығы 70 пайызға азайтылады. Осылайша, салық есептелген соманың 30 пайызы мөлшерінде ғана төленетін болады. Осы жеңілдіктің мерзімі – екі жыл, - деді ол.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істеуді ынталандыру мақсатында және осы салаларға инвестицияларды көбейту үшін жаңа норма көзделген.

Егер шағын бизнес субъектілері өз пайдасын жаңа негізгі қорларға салатын болса, онда осы пайдасы корпоративтік табыс салығынан босатылады, - деді спикер.

Азамат Амрин әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қабылданғанын да атап өтті. Заңда қолдау шаралары көзделген. Олардың ішінде салықтық қолдау шаралары.

Мәселен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мүлік салығының төмендетілген мөлшерлемесін пайдаланатын болады. Ол бір. Екінші егер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері өз жұмыскерлерін оқытатын болса, корпоративтік табыс салығын есептегенде жұмсалған шығындары екі еселеніп саналады, - деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы