Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа тарифтер азық-түлік пен тауар бағасына қалай әсер етуі мүмкін

11 Тамыз 2025, 13:15
728
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

АҚШ-тың жаңа тарифтік саясаты азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар бағасының күрт өсуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің деректеріне сәйкес, сиыр еті бағасы бір жылда шамамен 8%-ға қымбаттаған. Сарапшылар бұл өсімге тарифтер мен шикізат құнының артуы себеп болып отырғанын айтады.

Procter & Gamble, Amazon сияқты ірі компаниялар өнімдер бағасын 5%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді. Yale Budget Lab зерттеуіне сай, тарифтердің қысқа мерзімді әсері – АҚШ-тағы бағалардың орта есеппен 1,8%-ға өсуі, бұл әрбір отбасы үшін жылына шамамен 2 400 доллар шығын деген сөз.

Сондай-ақ Yale Budget Lab зерттеуіне сәйкес, АҚШ-тағы тарифтер азық-түлік бағасын қысқа мерзімде 2,6%-ға, ал ұзақ мерзімде 3%-ға көтеруі мүмкін. Әсіресе жаңа піскен жеміс-жидектердің бағасы 5%-дан жоғары өсуі ықтимал.

Маман­дар бұл саясат АҚШ ЖІӨ өсімін 2025-2026 жылдары жыл сайын 0,5 пайыздық пунктке төмендететінін болжайды.

Өзгелердің жаңалығы