«Жаңа Қазақстанды» құруды бастадық. Тоқаев елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты

25 Қаңтар 2022, 15:35
1900
Бөлісу:
«Жаңа Қазақстанды» құруды бастадық. Тоқаев елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты
Фото: akorda.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн форматта өтіп жатқан «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Өздеріңіз білетіндей, қаңтардың алғашқы күндері Қазақстан бұрын-соңды болмаған лаңкестер мен содырлардың агрессиясына тап болды. Қазақстандықтар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері тарапынан қолдауды ризашылықпен сезіне білді. Біз мемлекет, ұлт ретінде осы қайғылы оқиғадан қажетті сабақ алдық. Енді тез уақыттың ішінде қайта қалпымызға келеміз, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Тоқаев қазіргі күні мемлекеттік басқару мен ұлттық қауіпсіздік жүйесін және экономикалық саясатты қайта реформалау жүргізіліп жатқанын айтты.

Осы ретте «Жаңа Қазақстанды» құруды бастадық, - деп айтты Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері басшыларының саммитінде.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қытайдың Орталық Азия елдеріне бағыттаған инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі екнін айтқан болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің әзірлеп жатқан жаңа инвестициялық саясаты туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, ол кеден шекарасындағы жұмыстар туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы