Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына бейнеүндеуінде Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдумға қатысты халыққа бейнеүндеу жолдады.
Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы – маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық, - деді Мемлекет басшысы.