Жаңа Қазақстан сана тәуелсіздігімен баянды болады - Әбдіуақап Қара

15 Қараша 2022, 11:35
4485
Бөлісу:
Жаңа Қазақстан сана тәуелсіздігімен баянды болады - Әбдіуақап Қара

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тарих ғылымдарының докторы, Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда 2022 жыл қаңтардағы қайғылы оқиғалармен басталды. Шетел қазақтары ретінде ел жағдайына алаңдап сол кезде бір неше күнді ұйқысыз өткізген едік. 
Қараша айында өтетін сайлаумен жыл жақсы аяқталатын сияқты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде президенттік сайлаудың күзде өтетінін мәлімдеуі жаман басталған жылды жақсылыққа бағыттаған төтенше шешім болды.

Бұл әрине өз кезегінде оңай бір шешім емес екені белгілі. Президенттің Тоқаевтың ел мүддесін жеке бастан жоғары қоя отырып сайлауға баруы оның өзіне және халқына деген сенімін көрсетіп берді. Бүгінгі таңда Қазақ еліне ең керегі сенім. Ел ішінде бірлік болса, қазақ халқының алмайтыны қамалы, аспайтын асуы болмайды. Қаңтар уақиғасындағы астан кестен жағдайда салиқалы шешімдерді дер кезінде шұғыл қабылдап елді үлкен апаттан аман алып қалған Президент Тоқаевтың беделі Түркия мен өзге Еуропа елдерінде бірден көтерілді, - деп жазды ол.

Бүгінгі таңда Қазақстан тек өз аймағында ғана емес, сонымен бірге Еуразия кеңестігінде де маңызды әрі қуатты ел.
 

 Осылайша қиын басталған 2022 жыл 20 қараша сайлауларымен үміткер Тоқаевтың жеңіске жетуімен жақсы аяқталып, Еуразияның жұлдызы болып өз жолын жалғастыратына сенімдімін.

Өйткені Алаш ардақтыларын зерттеп жүрген бір тарихшы ретінде соңғы жылдары ұлттық сана мен тарих туралы оң өзгерістерді байқап келемін. Мәселен өткен жылы елордасы Астана қаласында тұңғыш рет тәуелсіздік күрескері Мұстафа Шоқайдың аты бір мектепке берілді. Бұл үлкен құбылыс білген адамға.

Өйткені Шоқай өмір сүрген және өзі "екінші отаным" деген Франция астанасы Парижде 2001 жылдан бастап оның атында құлпы тас, 2010 жылдан бастап саябақ пен мүсін ашылып жатқанда оның туған елінің астанасында көзге көрінер бір белгі, бір ескерткіштің бүгінге дейін болмауы саналы азаматтарды таң қалдырарлық жағдай еді.

Енді Алаштың мұратын автономиядан тәуелсіздікке көтерген ел ардақтысы Мұстафа Шоқай "Жаңа Қазақстанда" көбірек ардақталады деген үміттеміз. Өйткені тәуелсіздік жолында күрес жүргізген ұлылар ардақталмаған жағдайда, тәуелсіздіктің қадірі қалай жоғары бағаланып ол қалай қалай баянды бола біледі?, - деді Әбдіуақап Қара.

Өзгелердің жаңалығы