Жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ

28 Қаңтар 2021, 21:00
1269
Бөлісу:
Жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nipah вирусы жаңа пандемия тудыруы мүмкін, деп жазады «Российская газета» басылымы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай болжам жасады.

Аталмыш вирус алғаш рет 1999 жылы Малайзияда анықталған. Оны Nipah өзенінің жағасында тұратын шошқа өсіретін фермерлер жұқтырған. Осыдан кейін Оңтүстік Азияда аурудың 12 ошағы тіркелген.

Оны Қытайда, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея мен Австралияда мекендейтін жарқанаттар тасымалдайды. Вирус адамдарға шошқадан не өсімдіктерден жұққан. Мамандар оның тез тарайтынын айтады.

Кейде ешқандай белгі бермей өтуі мүмкін. Әзірге оған қарсы дәрі табылған жоқ.

Сондықтан мамандар жемістерді жуып, қабығын аршып жеуге кеңес береді. Жарқанаттар тісінің ізі бар өсімдіктерді жемеуге шақырады. Сондай-ақ «қолды жиі жуып, қорғаныс құралдарын қолданған жөн» дейді.
Өзгелердің жаңалығы