Жаңа оқу жылында 900 мыңға жуық бала тегін тамақтанады

16 Тамыз 2022, 11:36
1030
Бөлісу:
Жаңа оқу жылында 900 мыңға жуық бала тегін тамақтанады

Бұл туралы Үкімет отырысында  Оқу-ағарту министрі Асхат аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жаңа оқу жылында 900 мыңға жуық бала тегін бірмезгіл тамақпен қамтылады. 7 өңірде 1-4-сыныптардың оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ақмола және Маңғыстау облыстарында барлық 1-сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. Жаңа оқу жылынан бастап Алматы қаласының 1-4-сынып оқушылары да бюджеттен ыстық тамақпен қамтылады. Бұл балалар жылы аясында  қабылданған өте жақсы шешім, - деді Аймағамбетов.

Министр балаларды мектепке даярлау жұмыстары туралы айтты. 

«Қазақстан халқына» қоры есебінен аз қамтылған отбасында тұратын үлгерімі нашар 350 мың бала «Цифрлық ұстаз» жобасы арқылы қосымша білім ала бастайды. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында түрлі ұйымдар, бизнес және белсенді азаматтар 500 мыңға жуық баланы мектепке даярлауға көмектесіп жатыр, - деді министр. 

Аймағамбетов қазір республика бойынша жыл сайынғы педагогтердің Тамыз кеңесі өтіп жатқанын айтты.

Оның аясында білім саласының 5 мыңнан астам сарапшысымен және жарты миллион педагог қауымдастығының өкілімен білім сапасын одан әрі арттыру мәселелері кеңінен талқыланып отыр. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңа оқу жылына даярлық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы