Жаңа оқу жылына сапалы дайындық болуы керек – Аймағамбетов

22 Маусым 2021, 11:54
11486
Бөлісу:
Жаңа оқу жылына сапалы дайындық болуы керек – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында жаңа оқу жылына жақсы дайындықпен келу керегін айтты.

Министр атағандай, 1-сыныпқа 260 мыңнан аса құжат қабылданды. Дегенмен мектепке құжат қабылдау мерзімі 1 тамызда аяқталады. Ол бұл жұмысты жылдамдату қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар жаңа оқу жылына сапалы дайындық болуы керек. Сағат бөлу, сыныптарды қалыптастыру сияқты жұмыстар көп күшті, көп уақытта талап етеді. Сондықтан осыған дайын болу үшін 1 тамызға дейін жұмысты аяқтау қажет. Өздеріңіз білетіндей, бұрын біз 1 сәуірден емес, 1 маусымнан бастап құжаттарды қабылдап, 1 қыркүйекке дейін созып жүріп алатын едік. Бұл өте ыңғайсыз. Сол себепті шешім қабылдап, құжаттарды жаңа тәртіппен қабылдап жатырмыз. Бұл бойынша тиісті ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, - деп айтты Аймағамбетов.

Колледждер бойынша да биыл жаңа талап, жаңа формат енгізілді.

Сонымен қатар биылдан бастап университеттер дипломдарды QR-код арқылы беріп жатыр. Олар өздері бекіткен үлгі бойынша студенттерге дипломдары табыстауды бастады.

Министр дипломның шынайылығын тексеретін сервистер тиісті деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты тапсырма берді.

Біріншіден, берілген дипломдар бойынша ешкімде ешқандай күмән болмайтындай, екіншіден, оны өзгертуге ешқандай жаңа ақпаратты енгізуге мүмкіндік болмайтындай жағдай толығымен жасалып, қамтамасыз етілуі тиіс, - деп тапсырма берді Білім басшысы.

Өзгелердің жаңалығы