Жаңа министр Жұманғарин: қара шайды қантсыз ішемін

16 Тамыз 2022, 17:56
2308
Бөлісу:
Жаңа министр Жұманғарин: қара шайды қантсыз ішемін
Фото: BAQ.KZ

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары міндетін атқарушы  – Сауда және интеграция министрі  Серік Жұманғарин шайді қантсыз ішетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен  кеңес кезінде әскери борышымды өтедім. Ол кезде қант бермейтін. Мен қара шайды қантсыз ішемін, әрине,  тосап қосамын, - деді Серік Жұманғарин.

Ведомства басшысының сөзінше, қант саласын дамыту үшін өз өндірісімізді дамыту маңызды. Елімізде өзін-өзі қамтамасыз ететін зауыттар жеткілікті, бірақ шикізат мөлшері жеткіліксіз. Сондықтан алдымен кәсіпорындарға жеткізушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар керек дейді.

Сонымен қатар Жұманғарин министрліктің жаңа логистиканы дамытумен белсенді айналысып жатқанына сендірді.

 Бұған дейін Сауда және интеграция министрі  Серік Жұмағарин қант нарығын реттеу үшін ірі зауыт салудың қажеті жоқ екенін айтқан еді.

Қызылша неге өспейді? Қызылша өсіру деген оңай шаруа емес. Оған су, электр энергиясы керек. Біздегі  қант зауыттарының бәрі оңтүстік өңірде орналасқан. Неге? Өйткені онда электр энергиясы тапшы. Сондай-ақ судың өзі қымбат. Негізі қызылша  еліміздің  батысы мен солтүстігінде де өседі. Жақында сарапшылармен сөйлестім. Олар қант өндіру үшін үлкен зауыттар қажет емес шығар деді. Алда осы мәселені талқылаймыз. Менің білуімше, қант саласын реттеу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі кешенді жоспар дайындады. Олардың да ұсыныстарын қараймыз, -деді Үкімет кулуарында Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында Серік Жұманғарин қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компанияны атаған болатын. 

Еске сала кетейік,   экс-сауда министрі Бақыт Сұлтанов «шайды қант емес, балмен ішемін» деп айтқан еді. 

 

Өзгелердің жаңалығы