Жаңа министр мектептердегі жемқорлықты жоятынын айтты

12 Қаңтар 2023, 11:14
745
Бөлісу:
Жаңа министр мектептердегі жемқорлықты жоятынын айтты
Фото: автордан

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев білім ордаларындағы жемқорлық жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың барлық көрінісі барынша азайтылып, нөлдік төзімділік, сондай-ақ шешімдер қабылдау мен жүзеге асыруда ашықтық пен адалдық қамтамасыз етіледі, - деді жаңа министр.

Ғани Бейсембаев министрлік жүргізіліп жатқан барлық рәсімнің ашықтығы мен жариялылығын мақсат етіп отырғанын атап өтті.  

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды белсенді түрде насихаттаймыз және барлық оқытушы мен білім беру ұйымдарының басшылары академиялық адалдық қағидаттарын ұстанатынына сенім білдіреміз, - дейді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен қатар білім сапасын арттыру мақсатында «Қазақстанның еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне қатысады.

Білім беру саласындағы тәуелсіз кәсіби сарапшылар институтын дамытамыз. Сонымен қатар ұстаз мәртебесінің жоғары болуы білім сапасын арттыруға қызмет етпек, - деп түсіндірді еліміздің бас ұстазы алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы