Жаңа министр “Екібастұзтеплоэнергоға” салынған айыппұл аз деп есептейді

11 Сәуір 2023, 10:33
1482
Бөлісу:
Жаңа министр “Екібастұзтеплоэнергоға” салынған айыппұл аз деп есептейді
Фото: vlast.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа министр былтыр болған өңірлердегі жылуға байланысты бірқатар мәселе жайында айтты.

Былтыр қазан айының соңында Риддер электр станциясында жылу желісінің температурасының айтарлықтай төмендеуінен ауыр апаттық жағдайлар басталды. Осы жылдың қаңтар айында таспалы конвейерлер галереяларында және № 6 қазандықтың басқару тақтасында өрт болды. Наурызда № 5 қазандықтағы кабельдердің термиялық зақымдануы және № 6 қазандық аймағындағы көмір шаңының тарсылы қоршау құрылымдарының ішінара бұзылуымен болды. Жылыту кезеңінің басынан бастап жылу желілері жұмысының температуралық режимін сақтамаудың 133 жағдайы орын алды, – деді Сәтқалиев.

Оның мәлімдеуінше, былтыр 27 қарашада Екібастұз қаласының жылу желілерінде көптеген зақым болды.

Температура кестесі 94 рет орындалмаған. Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті технологиялық бұзушылыққа қатысты тергеу жүргізді. Әкімшілік жаза шығара отырып, «Екібастұзтеплоэнерго» мекемесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Қолданыстағы айыппұл шаралары халыққа келтірілген залалмен салыстырғанда өте аз екендігін атап өту қажет, – деді министр.

Бұған дейін Үкіметте жаңа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант бергені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы