Бүгін Үкіметте жаңа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Алмасадам Сәтқалиевтің ұзақ жылдар энергетика саласында жұмыс істегенін және іскер азамат екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін, - деп ант берді Сәтқалиев.
Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралады.