Жаңа көпір. Астана әкімі автобустарды ұзақ күту мәселесін қалай шешетінін айтты

30 Маусым 2023, 15:16
578
Бөлісу:
Жаңа көпір. Астана әкімі автобустарды ұзақ күту мәселесін қалай шешетінін айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғындарының өсуін ескере отырып, қоғамдық көліктер санын ұлғайту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жуырда 20 электроавтобус жеткізілді, оған дейін 50 автобус болатын. Шілде айында тағы 70 автобустың жеткізілуін күтіп отырмыз. Жыл соңына дейін барлығы 400 автобус жеткізіледі. Бұл жаңа бағыттарды іске қосуға, күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды алмастыруға мүмкіндік беред, - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар Қасымбек жыл аяғына дейін жаңа көпір ашылатынын айтты.

Бұл көпір жолдардағы көлік нөпірін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалы ауданымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланыс қамтамасыз етіледі, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы