Жаңа Конституцияда 99 бап болады

6 Мамыр 2022, 11:18
3675
Бөлісу:
Жаңа Конституцияда 99 бап болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Конституцияға енгізілетін өзгертулер жарияланды. Онда қай бапқа қандай өзгерістер енгізілетіні анық көрсетілген.

Сонымен қатар, жаңа Конституцияда бұрынғыдай 98 емес, енді 99 бап болады. Жаңа Ата заңымыздың 99-бабы мынадай болмақ.

35. Мынадай мазмұндағы 99-баппен толықтырылсын:

«99-бап

  1. Конституциялық Сот және Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.

Конституциялық Сот құрылғанға дейін Конституцияның 72-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.

  1. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелері сегізінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады.».

Жаңа Коституциялық өзгерістердің жобасын мына жерден толық оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы