Елордада өткен "Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер" атты партияаралық диалогта "Қазақстан халық партиясы" партиясының мүшесі Асылбек Нұралин бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, демалысқа құқық толықтай сақталады. Алайда демалыстың нақты шарттары: оның ұзақтығы мен төлем тәртібі Конституцияда емес, Еңбек кодексінде айқындалады.
Мұндай тәсіл бір жағынан құқықтық реттеудің икемділігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан қызметкерлердің демалу құқығын екі деңгейде – конституциялық және заңнамалық деңгейде қорғауға мүмкіндік береді, - дейді ол.
Асылбек Нұралин жаңа Конституция еңбектің қоғамдағы ең жоғары әлеуметтік құндылық ретіндегі маңызын күшейтетінін атап өтті.
Оның сөзінше, адамның еңбек қызметі барысындағы құқықтарын қорғау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Лайықты еңбек етуге және заңды демалыс алуға құқық толық кепілдендірілген.