Жаңа камералар Астана автобустарында билетсіз жолаушыларды анықтайды

13 Маусым 2024, 16:43
236
Бөлісу:
Жаңа камералар Астана автобустарында билетсіз жолаушыларды анықтайды
Фото: Елорда әкімдігі

"City Transportation Systems" ЖШС "Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі" инновациялық жобасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.

Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі.

Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.

CTS-те жобаның толық іске қосылуы мен іске асырылу барысы туралы қосымша хабарланады.

Өзгелердің жаңалығы