Жаңа ипотекалық бағдарлама жағдайды жақсарта ма?

11 Наурыз 2023, 07:56
1671
Бөлісу:
Жаңа ипотекалық бағдарлама жағдайды жақсарта ма?
Фото: halyq-uni.kz

Енді Отбасы банкінің салымшылары BI Group компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешендерінен 30%-тік жарнамен пәтер ала алады. Елімізде «Кереге ипотека» деп аталатын бағдарлама іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отбасы банкі мен BI Group құрылыс холдингі үй алудың жаңа жолын ұсынады. «Кереге Ипотека» бағдарламасының талаптары мынадай: бастапқы жарна 30 процент. Салымшылар 100 млн. теңгеге дейінгі соманы 25 жылға 7 процентпен рәсімдей алады. Қаласаңыңз мерзімін қысқартуға болады. BI Group-тан «Кереге Ипотека» бағдарламасы қазақстандықтарға тезірек баспаналы болуға мүмкіндік береді. Тұрғын үйді Baspana Market сайтынан таңдауға болады. Онлайн өтініш беру уақытыңызды үнемдейді, әрі несие беруді ұйымдастыру қызметі екі есе арзанға түседі, – дейді "Отбасы Банк" АҚ сату және өңірлік даму департаментінің директоры Гүлмира Датқаева.

Бағдарламаның тағы бір артықшылығы кепілге сатып алынған үй қойылады. Жинақтың болуы міндетті емес. Шотты сол күні ашып рәсімдеуге болады. Отбасы банкі мен BI Group өкілдері осындай келісімге келіп, ресми құжатқа қол қойды.

Бірінші этапта біз 27 жилой комплекс қарастырамыз. 4 қалада. Бұл Алматы, Астана, Шымкент және Атырау қалаларында. Оның ішінде 1200 пәтер бар қазіргі таңда, – деді BI Group қаржылық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Оңғарбаев.

«Кереге Ипотека» бағдарламасы көпшіліктің сұранысы бойынша іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы