Жаңа ғана қызметінен босаған Пішембаев жаңа жұмысқа тұрды

13 Қазан 2020, 19:14
1972
Бөлісу:
Жаңа ғана қызметінен босаған Пішембаев жаңа жұмысқа тұрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мереке Пішембаев 1962 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 

Өскемен жол-құрылыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер-құрылысшы, экономист, менеджер. 

Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының Май аудандық автомобиль жолында аға жол шебері, бас инженер болып бастаған. 

1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін квазимемлекеттік секторда түрлі лауазымдарды атқарған. 

1997 жылғы қыркүйектен 2000 жылдың ақпанына дейін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде басшылық лауазымдарында еңбек еткен. 

2000-2002 жылдары — Солтүстік Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы. 

2002-2013 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 

2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін — ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі; 

2014 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы наурызға дейін — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Пішембаевтың қызметінен босағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы