Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды, деп жазады BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл министрлікті Болат Ақшолақов басқарған болатын.
Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы қазан айында дүниеге келген.
1992 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «механик, математик – қолданбалы инженер» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жыл – Дьюк университетінің Фукуа бизнес мектебімен бірлескен бағдарлама, Executive MBA бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі.
2016 - Стэнфорд университетінің жоғары бизнес мектебі Стэнфорд атқарушы бағдарламасы бойынша.
1992-1997 жж - «ТаССат» ЖШС директоры.
1997-1998 жж - «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ менеджері, клиринг бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің басшысы.
1998-2001 жж – «ҚазТрансОйл» ҰҚТН» АҚ басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
2001-2003 – «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
2003-2006 – «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті.
2006-2007 - «KEGOC» АҚ тобының директоры-басшысы, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі директоры.
2007 жылғы қаңтар - ақпан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
2007-2008 жж – «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ президенті.
2008-2009жж – «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті.
2009-2011жж. - «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ президенті.
2011-2012 жж. – «Самұрық-Қазына» ҰҰБ акционерлік қоғамының басқарушы директоры.
2012-2018 жж – «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.
2018 жылғы шілде-қараша – «KAZENERGY» АЛЭ төрағасының орынбасары.
2018 жылдың қарашасы – 2021 жылдың наурызы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2021 жылғы 29 наурыздан бастап - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы.
2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрі болып тағайындалды.