Жаңа құрамда кәсіби деңгейде жұмыс атқарып жүрген азаматтар көп. Бұл пікірді Саясаттанушы Мақсат Жақау айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Парламент мәжілісінің сегізінші шақырылымының құрамы белгілі болды. Көптен күтіп, таңдауымызда болған үміткерлердің аты-жөнін көріп, қуанып қалдық. Бұл біржағынан, өзгерістердің бастамасы ғана деп ойлаймын. Біз барынша саяси реформалардың көрсеткіші ретінде жаңа есімдер келуі керек деген Президенттің уәдесі іс жүзінде жүзеге асқанына куә болып отырмыз, - деді Мақсат Жақау.
Ол депутат дипломын қолға ала салатын маман емес екенін, өзіндік күрделі міндеттері бар екенін атап өтті.
Депутат - тәжірибе жинап шыңдалады. Жаңа құрамнан көп жасты, жаңа азаматтарды байқадық. Олардың бойында жинап жүрген кәсіби тәжірибелері бар. Енді сол кәсібилік деңгейді заңнамалық талқылау жұмыстарына жөнді қолдана біледі деген үміттемін, - деді саясаттанушы.
Сарапшының сөзінше, жаңа құрамнан нәтиже тез уақытта келмейді. Өйткені депутаттардың заңнамалық әрі бюрократиялық жұмыстары бар. Бәріне белгілі бір уақыт қажет етеді.
Заң бойынша міндетін дұрыс орындамаған кандидат мандатын қайтарып алуға болады. Қазіргі жас құрамнан көп нәтиже күтемін. Халықтың үні мен пікірін Парламентте талқылап, мінез көрсетеді деп үміт артып отырмыз. Меніңше, қазіргі таңда депутаттардан бірден нәтиже күтпей, оларды қолдау қажет. Жаңа депутаттардың сайлауалды бағдарламаларының іске асуын бақылау қажет, - деді Мақсат Жақау.