Жаңа депутат Мәжілісте ант қабылдады

14 Ақпан 2024, 10:25
555
Бөлісу:
Жаңа депутат Мәжілісте ант қабылдады
Фото: -архив

Айтуар Қошмамбетов Respublica партиясынан депутат атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаттарының қатарына қосылды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп ант берді депутат.

Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ол ант қабылдап, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Бұған дейін 12 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовті тіркеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы