Қазақстан мен Вьетнам мәдениет және креативті индустриялар саласындағы жаңа бірлескен жобаларды талқылады.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Вьетнамдағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Чамен кездесті.
Тараптар перспективалы бағыттар ретінде кинематографияны, орындаушылық өнерді, мәдени туризмді, тарихи-мәдени мұраны сақтауды, дәстүрлі қолөнер мен заманауи дизайнды атап өтті.
Бірлескен мәдени-туристік бағыттарды құруға және екі елдің шығармашылық индустрия өкілдері арасындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қазақстандық тарап өзара кино апталықтарын өткізуді, фестивальдерге белсенді түрде қатысуды және бірлескен түсірілім мен киножобаларды дамытуды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңа бірлескен бастамалар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.