Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа Ата заң: Қос немесе көп азаматтыққа жол жоқ

Бөлісу:
 Мәди Искаков  ©BAQ.KZ архиві/Мәди Искаков
Фото: Мәди Искаков ©BAQ.KZ архиві/Мәди Искаков

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында еліміздің жаңа Конституциясының жобасы таныстырылды. Онда азаматтық алуға қатысты мәселе нақты түсіндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұқаралық талқылау кезінде адамның өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке өміріне қол сұғылмаушылық, Миранда ережелері және цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау нормалары қолдау тапқан. Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтыққа жол жоқ. Өзге елдің азаматтығы Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз бола алады, – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов.

Оның сөзінше, комиссияның алғашқы отырыстарында әр азаматтың жеке басының бостандығы мен құқығын қылмыстық іс жүргізу барысында қорғау кепілдіктерін күшейту қажет екені айтылған. Сол бағытта кейбір ерекшеліктерді есепке алмағанда, адамды сот шешімінсіз ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартылады деп ұсынылған.

Алайда кейінгі отырыстарда бұл мәселе жан-жақты талқыланып, нақты мерзімдерді заң деңгейінде бекіту қажет деген пікірлер айтылды. Жобада бұл ескерілді. 18-бапқа сәйкес, сот шешімінсіз адамды заңда белгіленген мерзімнен артық ұстауға болмайды. Адамды күзетпен ұстауға тек сот шешімімен рұқсат беріледі және оның шағым жасау құқығы қарастырылған, – деп баяндады Нұрмұханов.

Өзгелердің жаңалығы