Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Конституцияның жаңа жобасындағы ең көп талқыланып жатқан мәселенің бірі – жер туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ата Заңның жобасында ешқандай ондай новелла жоқ. «Жер және жер ресурстары халықтың меншігі» деп айтылған. Ол сатылмайды және мемлекеттен алынбайды. Ол – мемлекеттің меншігі, – деді депутат «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» сарапшылық кездесуінің кулуарында берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол Конституциялық комиссияның құрамы туралы түсіндірді.
Осыдан 4 ай бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Осы жұмыс тобы конституционалдық заңгерлер бар, әлеуметтанушылар бар, Қазақстанның жалпы заңгерлері осы 4 айдың ішінде еліміздегі Конституциялық реформалардың барлығын жан-жақты талқылап шықты. Содан кейін мәтін дайын болғаннан кейін қоғамды көбірек құру үшін Конституциялық комиссия құрылды. Комиссияның құрамында көбінесе аймақтардың қоғам өкілдері, аймақтардың белді азаматтары бар – 130 адам Конституциялық комиссия. Бұл реформаны халқымыздың талқылағанына бір жылдан асты, – деді Ерлан Саиров.
Жанерке ЖӘКЕН