Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жан Мұқанов: Қазақстан ой еңбегімен табыс табуды үйренуі керек

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 17:22
216
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ коллажы
VIDEO
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Танымал продюсер Жан Мұқанов Qazaqstan NEXT 2026 форумында креативті экономика туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада өтіп жатқан Qazaqstan NEXT 2026 форумында танымал продюсер Жан Мұқанов креативті экономиканың маңызына тоқталып, бұл саланың Қазақстан үшін стратегиялық бағытқа айналуы тиіс екенін айтты.

Продюсердің сөзінше, креативті индустрияны тек кино мен музыкамен шектеу – қате түсінік. Оның айтуынша, креативті экономикаға дизайн, медиа, контент өндірісі, цифрлық өнімдер, білім беру, зияткерлік қызметтің барлық түрі кіреді.

Мен форумда креативті экономика туралы сөз қозғадым. Өзім осы салада 25 жыл жүрмін. Креативті индустрия тек кино мен музыка шығарудан тұрмайды, – деді Жан Мұқанов.

Ол Қазақстанда ой еңбегіне негізделген табыс көздерін дамыту қажеттігін атап өтті. Продюсердің пікірінше, қазақстандықтарды интеллектуал өнім арқылы ақша табуға үйрету – болашақтағы экономикалық өсімнің негізгі факторы.

Креативті экономика дамуы қажет. Қазақстандықтар ой еңбегімен табысты мол табуды үйренуі керек. Болашақта алға шығу жағын ойлауымыз қажет, – деді ол.

Бұған дейін Kazmedia Holding компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Еркін Жақыпов BAQ.KZ тілшісіне тікелей эфирде сұхбат берді. Ол атап өткендей, Turning Points Qazaqstan – сырттан таңылған пікір емес, іштен пісіп-жетілген ой ұсынады.

Сонымен қатар экономист Олжас Құдайбергенов жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуы әлемдік еңбек нарығына түбегейлі өзгерістер әкелуі мүмкін екені туралы мәлімдеді. Сөзінше, алдағы жылдары ЖИ еңбек нарығын қайта форматтайды, салдарынан әлемде жұмыс орындарының 15%-ы қысқаруы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы