Жамбылдық жамағат құрылысшыларға түскі ас жеткізіп берді

15 Қаңтар 2022, 17:15
1645
Бөлісу:
Жамбылдық жамағат құрылысшыларға түскі ас жеткізіп берді

Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер өртке ораған Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстарына өңірдің еріктіктілерден құралған жастары да атсалысып жатыр. 

Бүгін жергілікті мәслихаттың депутаттары, қан орталығының ұжымы және Тараз қаласындағы молда Мұхамеджан мешітінің жамағаты жұмысшыларға ыстық түскі ас жеткізіп беріп, алғыстарына кенелді. 

Біздің құлшылық үйінің өзбек ұлты өкілдерінен құралған намазхан азаматтары аймақтағы өзге құрылымдармен бірлесіп, осындай игі іске мұрындық болғанды жөн көрді. Енді жиналған ас-ауқатымызды күні кешегі бүлік кезінде өртенген, қираған өзге де ғимараттарды жөндеп жатқан құрылысшыларға да жеткізіп бермекпіз. Біздің бастамамыз басқа да азаматтарға үлгі болса деген ниетіміз бар, - деді мешіт имамының міндетін атқарушы Абдурахим Зайнутдинов.

Ол бұдан кейін елі іші бүлінбесе екен тілегін де жеткізді. Жамбыл облысы орталығындағы басқа мешіттердің жамағаттары да осы секілді сауапты шаралар ұйымдастырады дегін сенімі бар. 

Ал құрылыс жұмыстарына көмек қолын созып жатқан еріктілердің қатарындағы Асхат Сәдебай Жуалы ауданындағы Бақалы ауылынан келген. 

Біз қатарластарымызбен көне де көрікті қаламыздың бүтіндігіне үлес қосуды өзімізге парыз санадық. Туған жеріне жаны ашитын замандастарымызды да осы шаруаның басы-қасынан табылуға шақырамын. Түскі асымызды қамтамасыз етіп отырған мейірімді жандарға алғыс айтамын, - деді Асхат Ғалымұлы.

 

Өзгелердің жаңалығы