Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбылдық өрт сөндірушілер өрт кезінде 5 адамды құтқарды

24 Қараша 2024, 07:51
695
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін таңертең Байзақ ауданы Бурыл ауылында 2 қабатты 2 пәтерлі тұрғын үйде 10 ш. м. алаңды қамтыған өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үй тұрғындарын көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған қалың түтін пайда болды.

Өрт сөндірушілер барлау кезінде кейуана мен 4 баланы тауып, оларды терезе арқылы ашық ауаға шығарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы