Жамбылдық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген көлікті ұстады

29 Сәуір 2021, 20:32
3064
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген көлікті ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 395-шақырымында жылдамдық режимін асырған «Kia K5» маркалы автокөлігін тоқтатты. 

Көлікті Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны басқарған. Тексеру барысында көліктің Ресей Федерациясында халықаралық іздеуде екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Автокөлік айыптұраққа қойылды. Қазіргі уақытта «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында «Автоураган» 2 аппараттық-бағдарламалық кешені жол-көлік жағдайын жақсарту мақсатында Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарына жіберілді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы