Жамбылдық полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

4 Маусым 2020, 21:20
1575
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 маусым күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік рәміздер – 1992 жылдың маусым айында бекітілген және жыл сайын аталып өтілетін мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Тәртіп сақшылары бұл мерекелік рәсімді таңертеңгілік жұмыс тәртібінде өткізді. Бір мезгілде департамент, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мекемедегі жұмыс орындарынан дәлізге шығып, Мемлекеттік Гимнді орындады.

Бұл күні еліміздің басты әні болып саналатын Мемлекеттік Гимнді салтанатты түрде орындау біздің қызметкерлерімізге күні бойы патриоттық көңіл – күй сыйлайды. Біздің әрқайсымыз үшін мемлекеттік рәміздер күні- маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, олар елдің арман-мұратын, өзін-өзі түйсінуінің көрінісі болып табылады, – деді ПД басшысының орынбасары Руслан Құрымбаев.

Өзгелердің жаңалығы