Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаушыны ұстады.
Мойынқұм ауданының полиция бөлімшесінің қызметкерлері Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 168-шақырымында 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында «Рони» есімді қызметтік ит автокөліктің қақпағының астынан ақ кристалды ұнтақ заты бар полиэтилен пакетін тапты, ол СХЭ нәтижелері бойынша салмағы шамамен 1,5 кг психотроптық есірткі заты болып шықты, – делінген хабарламада.
Жауап алу барысында жүргізуші «Телеграмм» желісі арқылы Шымкенттен Қарағандыға 200 000 теңге көлемінде ақы төлегені үшін жүкті жеткізуге келіскенін мойындады. Ол пакетті Шымкент қаласының көшелерінің біріндегі тастың астынан алғанын айтты, бірақ жолда ұсталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Шу АПБ УҰИ-не қамалды.